Ссылки доступа

Сирия жөніндегі келіссөзде Асад тағдыры күн тәртібінде қалып тұр


Женевада Сириядағы соғысты аяқтауға байланысты бейбіт келіссөзде осы елдің саяси өзгерістер мүмкіндігі жөнінде талқыланып жатыр.

Онда елде сайлау өткізіп, Сирия президенті Башар Асадтың кетуін күн тәртібіне қойған. Алайда келіссөз өкілдері арасында бұл мәселеде келіспеушілікке тап болды.

БҰҰ елшісі Стаффан де Мистура келіссөзге бейсенбіде үзіліс жариялайтынын, сол уақытта Сирия үкіметі бес жылға созылған соғыстан кейін жаңа үкіметті қалай көретіндігі жөнінде қағазға сызып көрсетуін сұрады.

Де Мистура Сирияның басты оппозициялық күшін Сириядағы саяси өтпелі кезеңде нақты ұсыныстар білдіріп отыр деп атап өтті.

Асад тағдыры келіссөзге қатысушылар алдындағы ең өзекті мәселе болып қалып отыр. Оппозиция президенттің отставкасы кез-келген бейбіт келісімнің басты тақырыбы болуы керектігін талап етеді.

XS
SM
MD
LG