Ссылки доступа

Барак Обама: Кубаның болашағын кубалықтардың өздері шешеді


Демократия және адам құқықтарының орындалуына қатысты айтарлықтай қайшылық болғанына қарамастан, Құрама Штаттар мен Куба ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Бұл жөнінде АҚШ президенті Барак Обама мен Куба мемлекеттік кеңесінің басшысы Рауль Кастро Гаванада өткізген бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Обама өзінің сөзінде екі елдің қарым-қатынасы бір түнде өзгере салмайды деді. Ол Кубаның болашағын кубалықтардың өздері шешуі тиіс деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге адам құқығы, сөз бостандығы мен адамдардың еркін жиналуы басты құндылықтар болып қалатынын атап өтті. АҚШ президентінің сапары алдында ондаған кубалық диссиденттер тұтқындалған.

Рауль Кастро өзінің сөйлеген сөзінде екі ел арасындағы сауда қатынасын кеңейтуге ниетті екенін айтты. Ол АҚШ Конгресін жарты ғасыр бұрын саудаға салынған тыйымды алып, Гуантанамодағы АҚШ-тың әскери базасын Гаванаға қайтаруын сұрады.

XS
SM
MD
LG