Ссылки доступа

Обама Кубадағы сапарын диссиденттермен кездесумен аяқтайды


Президент США Барак Обама и председатель госсовета Кубы Рауль Кастро

Президент США Барак Обама и председатель госсовета Кубы Рауль Кастро

АҚШ президенті Барак Обама бүгін кубалық диссиденттермен кездесіп, Куба бас кеңесінің басшысы Раул Кастромен бейсбол ойынын тамашалайды. Обама сонымен бірге Кубадағы тарихи сапарын арнайы баяндамасымен аяқтайды.

АҚШ президенті Гаванадағы куба халқының Үлкен театрында сөйлейді деп күтіледі. Оның сөздері мемлекеттік телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетілуі мүмкін деп хабарлайды Reuters.

Обама сонымен бірге АҚШ елшілігінде азаматтық қоғамның лидерлерімен де кездеспекші. Америкалық өкілдер Кубадағы адам құқықтарының жағдайы Кубаға қатысты ондаған жылдар бойындағы америкалық санкцияны алуға кедергі келтіреді деп бірнеше рет мәлімдеген болатын. Ақ үй әлі Обамамен кездесетін адамдардың тізімін жария етпеді.

Алдын дүйсенбі күні баспасөз мәслихаты кезінде америкалық журналистердің "қарсыластарыңды неге түрмеге қамайсың" деген сұрақтары Кастроның шамына тиген болатын. Ол адам құқықтарының бұзылуын теріске шығарып, тізімді жариялауды талап еткен.

Обаманың диссиденттермен кездесуі 2014 жылдан бергі жылылыққа қарамастан, бұрынғы суық соғыс кезіндегі қарым-қатынас сақталып қалғандығын білдіреді.

Кубаға сапарын аяқтағаннан кейін, Обама екі күндік сапармен Аргентинаға барады.

XS
SM
MD
LG