Ссылки доступа

Қазақстан парламентіне үш партия қайта оралады


Члены избирательной комиссии на участке в Кызылорде вываливают из избирательной урны бюллетени. 20 марта 2016 года.
Члены избирательной комиссии на участке в Кызылорде вываливают из избирательной урны бюллетени. 20 марта 2016 года.

Орталық сайлау комиссиясы жыл басында өзін өзі таратқан мәжіліс құрамында болған билікшіл үш ұйым - "Нұр Отан", "Ақ жол" және Қазақстан коммунистік-халықтық партиялары парламентке тағы өткенін мәлімдеді.

​Парламент сайлауының алдын ала ресми қорытындысына сәйкес, жеті пайыздық межеден "Нұр Отан" (82,15 %), "Ақ жол" (7,18 %) және Қазақстан коммунистік-халықтық партиялары (7,14 %) өткен. Биыл қаңтарда өз бастамасы бойынша таратылған бұрынғы мәжіліс құрамы да осы үш партиядан құралған болатын.

Ал кезектен тыс сайлауға қатысқан өзге үш партия: "Бірлік" - 0,29 %, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1,18 % және "Ауыл" партиясы – 2 % дауыс алғаны хабарланды.

Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамалары негізінде парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысы 26 наурыздан кешіктірілмей белгіленетінін хабарлады.

Қазақстан халқы ассамблеясы бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кезектен тыс сессиясында осы ұйымнан парламентке сайланатын тоғыз депутатты анықтады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын "Нұр Отан" партиясының бүгін Астанада өткізген форумында сөйлеген сөзінде:

"Біз бүкіл әлемге республикамызда ашық, айқын әрі әділ сайлау өтіп жатқанын, соның нәтижесінде парламентте көппартиялы жүйе жұмыс істейтінін паш еттік", - деп мәлімдеді.

ЕҚЫҰ бақылаушылары кезектен тыс сайлаудың "елеулі кемшіліктерін" айтты.Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауын бақылаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) миссиясы Қазақстанды азаматтық және саяси құқықтарды кеңейтуге бағытталған реформалар жүргізіп, демократиялық сайлау бойынша өзіне алған ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындауға шақырады.

XS
SM
MD
LG