Ссылки доступа

Тәжікстанда мешіттерді интерактивті картадан табуға болады


Тәжікстанның Ислам орталығының кеңесі елдегі мешіттердің онлайн картасын жасауды қолға алды. Бұл карта Тәжікстанның ірі әрі тарихи мешіттерімен танысуға және имам-хатибтармен тез арада байланысуға мүмкіндік береді.

Картадан Душанбедегі 11 мешіт және Гиссара мен Рудаки аудандарындағы мешіттер жөнінде ақпарат табуға болады.

Онлайн картаны жасау Тәжікстанда "дұрыс" және "бұрыс" мешіттерді анықтау барысында жүргізіліп жатыр. Өткен айда, мәселен Худжанд қаласының әкімі Раджаббой Ахмадзода дұрыс емес мешіттерді жауып, олардың орнына балабақша мен тігін цехтарын ашуды бұйырған.

Ресми түрде Тәжікстанда төрт мыңға жуық мешіт тіркелген. Өткен жылы жүздеген мешітті мәдени орталықтарға, балабақша мен клиникалық орталықтарға айналдырды.

XS
SM
MD
LG