Ссылки доступа

Бельгия полициясы тінту жүргізуде


Брюссель әуежайы мен метросында болған жарылыстан кейін, қауіпсіздік шараларын күшейткен Бельгия үкімет орындары бүкіл ел аумағында тінту-іздестіруді бастады.

34 адамның өмірін қиған террорлық шабуылдарды «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы мойнына алды. Қауіп-қатер деңгейі ең жоғарғы межесіне көтерілген. Ел астанасына 225 жауынгер жеткізілді. Премьер-министр Шарль Мишель шабуылдарды «жауыздар мен қорқаулардың» ісі ретінде атады.

Жалпы 180 адамның жапа шеккені туралы мәлімет бар. Бельгия полициясы Брюссельдің Скарбек ауданында тінту өткізді. Арнайы шара барысында жарылғыш заттар мен ИМ туы табылды деген ақпарат пайда болды.

Бельгияның БАҚ-ры әуежайдағы бейнебақылау камералары жазбасынан алынған суреттерді жариялады. Онда жүктерін арбаға тиеген үш ер адам бейнеленген. Олардың екеуі өз-өзін жарды деген жорамал бар. Қазір үшінгі адамды іздеуде. ИМ сайты шабуылды «халифат жауынгерлерінің» жасағанын хабарлады.

(Телеарналар үшін «таза» бейнежазбаның түпнұсқасы: Маалбек метро бекеті, террорлық шабуылдан кейінгі Еурокомиссия мен Еуропа Кеңесі алдындағы алаң: https://rfeftp.rferl.org/?ShareToken=00A89E417E160F04A1CDC64F412746A61AF497AF )

XS
SM
MD
LG