Ссылки доступа

Обама кубалықтарды демократиялық болашаққа шақырды


Кубалықтарды Құрама Штаттармен бірге жарқын болашаққа ұмтылуға шақырған АҚШ президенті Барак Обама бұл елге жасаған тарихи сапарын «Америкадағы қырғи-қабақ ссоғыстың сарқыншақтарын жерлеу сәті» ретінде атады.

Куба телевизиясы Обаманың ел азаматтарына мемлекеттегі түйткілдердің жоғалып кететініне «соқыр сеніммен» қарауға болмайтыны туралы, демократиялық жүйе жайлы айтқан сөздерін таратқан.

Баяндамасында бірнеше мәрте испанша сөздерді қолданған Обама: «Көпшілігі мені мұнда кублықтарды әлденені қиратуға шақыруға келді деп санайды. Алайда мен жаңа әлемнің іргетасын қалайтын Куба жастарына ой тастауға келдім», - деп мәлімдеді. Обама еркіндік аралына соңғы 88 жылда табан тіреген ең алғашқы АҚШ президенті болды. Ол сонымен бірге диссиденттермен кездесіп, Кастромен бірге бейсбол ойынын тамашалады. Бүгін АҚШ президенті Кубадан Аргентинаға ұшып кетеді.

XS
SM
MD
LG