Ссылки доступа

AirbusТәжікстанның мүмкіндіктерін зерттеуде


Airbus омпаниясы Тәжікстандағы әуе тасымалы нарығына қызығушылық білдірді. Компания вице-президенті Сильвер Дэлонэ бастаған топ Душанбеде Тәжікстан вице-премьері Азим Ибрагиммен кездескен.

Тәжікстан үкіметі француз компаниясымен әріптестік орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

Былтырғы жылдың аяғында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Парижде Airbus вице-президенті Сильвер Дэлонэмен кездескен еді. кездесу барысында көлік тасымалы саласындағы өзара тиімді әріптестік орнату жағы талқыланған.

Әзірге Тәжікстанның Airbus ұшақтарын сатып алуға қаншалықты дайын екені белгісіз. Тәжіктің TajikAir және SomonAir әуе компаниялары америкалық Boeing және ресейлік ТУ компанияларының ұшақтарын пайдаланады.

TajikAir иелігінде 35 ұшақ бар, бірақ оның 15-і ғана ұшады. Бұлардың 8-і - “Боингтер". Компанияның қарызы 110 миллион сомониға жетіп, тығырыққа тіреліп отыр.

XS
SM
MD
LG