Ссылки доступа

Халықаралық әуежайлар қауіпсіздік шараларын күшейтуде


Брюссельдегі шабылдан кейін Париж, Франкфурт, Лондон, Прага, Вена және Амстердамдағы халықаралық әуежайлары қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Шекаралық бақылау мен келетін жүктер және поштаны тексеру қатаңдатылады. Нидерланды сонымен бірге мемлекеттік шекара күзетін күшейтті.

Еуропа әуежайларында қосымша тексеру қолға алынған. Мәскеу әуежайы да қауіпсіздік шараларын күшейтуге кіріскен.

Интерфакс агенттігі "Шереметьево", "Внуково", "Домодедово" әуежайларының қауіпсіздік қызметі күшейтілген тәртіпке көшкенін хабарлады. Жолаушылар мен олардың жүктері әуежайға кіре берістен бөлек, стерильді аймақта да мұқият тінтуден өтеді.

22 наурызда жарылыс болған Брссельдің халықаралық әуежайы бүгін жабық. Бельгияда 34 адамның қазасына байланысты, үшкүндік қаралы күн жарияланды.

XS
SM
MD
LG