Ссылки доступа

Кондиционерлер туралы бұйрық күшін жойды


Тұрғындардың наразылығынан кейін шенеуніктер Қазақстандағы көпқабатты үйлерде ауа желдеткіштерін орнатуды шектеу туралы бұйрыққа өзгертулер енгізуге мәжбүр болды. Үйлерінің беткі жағына кондиционер орнатқандар енді үлкен айыппұл төлемейді.

Қазақстанның ұлттық экономика министрінің 1 наурызда күшіне енген бұйрығында «ҚР қалаларындағы магистральды және транзиттік көшелеріндегі көпқабатты үйлердің беткі жағына кондиционер орнатуға болмайтыны» туралы жазылған еді.

Сонымен бірге көпқабатты үйлер мен қоғамдық ғимараттарда Қазщақстан аумағында хабар таратуға құқығы жоқ телерадиоарналарды көрсететін спутник және эфирлік құрылғыларды да орнатуға тыйым салынған болатын. Шенеуніктер мұны «тұрғындардың қауіпсіздігі мен елді мекендердің сәулет келбетін сақтау» үшін жасалғанын айтып түсіндірген еді.

Билік орындары үйлерде орнатылған кондиционерлер мен антенналарды алып тастауды талап етті. Тыйымды бұзғандарға 40 мыңнан 210 мың теңгеге дейін айыппұл салынатыны туралы да ескертілді.

XS
SM
MD
LG