Ссылки доступа

Оштағы оппозиция митингі өтпейтін болды


Оппозиция Ош қаласында 24 наурызға жоспарлаған митингті өткізбейтін болды. Бұл туралы «Азаттыққа» «Эл уну» («Ел үні») қозғалысының өкілі Медер Усенов хабарлады.

Оның сөзінше, бұл шешім қырғыз-өзбек шекарасының даулы бөлігіндегі жағдайға байланысты қабылданған.

Оппозициялық саясаткерлердің бірі Азимбек Бекназаров билікке қарсылардың арандатушылықтар болуы мүмкін деген хабардан соң да митинг өткізуді кейінге қалдырғанын айтты.

Бұған дейін интернетте оппозиция серкелері деп аталғандардың сөздерінің аудиожазбасы пайда болған еді. Онда дауыс иелері билікті юасып алу жоспарын талқылайды. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті аудиожазбаға сараптама ждасаған соң оның растығын мәлімдеді.

«Эл уну» қозғалысы 24 наурыздағы құрылтайды оппозицияның үйлестіруші кеңесін құруды жоспарлағандарын мәлімдеді. Митингтің енді қашан өтетіні белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Ақсый ауданындағы Чала-Сарт елді мекенінде 18 наурыз күні таңғы сағат 07.40-та қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген бөлігіне Өзбекстанның әскері екі бронды көлік пен 40 шақты сарбазын әкеп қойды. Қырғызстан бұған жауап ретінде тура тсонша шамадағы әскері мен сауытты техникасын апарды. 21 наурызда екі жақтың әскерінің саны әрқайсында 8 адамға дейін азайды.

XS
SM
MD
LG