Ссылки доступа

Брюссельде такси жүргізушісі полицияға жарылмай қалған бомбаны табуға көмектесті


Соңғы мәліметтер бойынша, 22 наурызда Завентем әуежайы мен Маельбек (Maalbeek) метро бекетінде болған жарылыстардан 31 адам қаза тауып, 250 шақты адам жараланған.

Жарылыстан бірнеше сағат өткен соң полицияға хабарласқан такси жүргізушісі әуежайда жарылмай қалған бомбаны табуға көмектесті. Ол полицияға терроршыларды алып кеткен үйдің мекенжайын көрсетіп, өзінің көлігіне бірнеше үлкен жүк сөмексін салмақшы болғандарын айтып берген. Жүргізуші айтқан мекеннен полиция жарылғыш заттар мен шеге толтырылған бомба тапқан.

Такси жүргізушісі жолаушылардың қолында үштен көп сөмке болғанын мәлімдеген. Соның арқасында полиция әуежайда жарылмай қалған тағы бір құрылғыны тапты.

Бельгияның ақпарат құралдары террорлық шабуыл жасады деп күдіктелген екі адамның суретін таратты. Сол жақтағы қара киімді екеу өздерін жарған жанкешті болуы мүмкін. Олардың әрқайсы бір қолына қара қолғап киген.Қолғап ішіне детонатор жасыруы мүмкін деген болжам бар. Суреттегі үшінші адам жарылыс алдында із жасырды делінеді.

Бұл лаңкестік шабуылдарды "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы мойнына алды. Бельгияда үш күндік аза тұту жарияланды.

XS
SM
MD
LG