Ссылки доступа

Түркіменстанда президенттің кітабын сүю әдетке айналды (видео)


Түркіменстан мемлекеттік телевизиясы наурыз мейрамына орай, ел президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтың үкімет мүшелеріне сыйлыққа «Шай - айығу және шабыттану» деп аталатын жаңа кітабын сыйлағаны туралы хабар көрсетті. Президенттің қолынан кітап алғандар оны міндетті түрде сүюмен болды.

Түркіменстан президентінің жаңа кітабы көк шайдың алуан түрі мен олардың емдік қасиеттері туралы баяндайды. Шығыс елдерінде әдетте "Құранды" сүю қалыптасқан. Түркімен елінде соңғы кездері президенттің сыйлықтарын сүю дәстүрге айналып барады. Бұған дейін түркімен телевизиясында көрсетілген хабарда 8 наурыз күніне орай Бердімұхаммедовтен 50 манат ақшалай сыйлық алған әйелдер сыйлықтарын сүйген еді.

Бердімұхаммедов билікке 2007 жылы Ниязовтың өлімінен кейін келді. Ол билік құрысымен бұрынғы президенттің ескерткіштері құлатылды, «Рухнама» бойынша емтихан тапсыруға тыйым салынды және қала, көше, ай және аптаның бұрынғы аттары қайтарылды.

Бірақ соңғы жылдары Бердімұхамедовтың жеке басын ұлықтау байқалады. Ол сонымен бірге Түркіменстанның шипалы шөптері туралы бестомдық еңбектің авторы саналады, жылқы және ақалтеке тұқымы туралды энциклопедия жазған. Түркіменстан президенті сонымен бірге кілем тоқу туралы да кітап жазып, 2 өлең шығарған, «Бақыт құсы» атты повестің авторы.

XS
SM
MD
LG