Ссылки доступа

Алматыда боди-арт бойынша IV фестиваль өтті


Төртінші фестиваль Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде өтті. Оған тұңғыш рет Қырғызстан, Украина және Франция секілді шетелден келген суретшілер қатысты.

Биылғы фестивальдың қатысушыларының жалпы саны - он сегіз. Олар арнайы «Аква-крем» жуылатын бояуымен 18 адамның денесіне сурет салды. Сайыскерлер екі екі аталым бойынша сынға түсті. Бірінде Наурыз тақырыбында боди-арт-композициясын жасау қажет болса, екіншісінде «Бөгде ғаламшар иелері казинода» деген тақырыпқа сурет салулары тиіс болды. Әр атылымда үздік шыққан үш адамға диплом мен фестиваль сыйлықтары тапсырылды.

Бұл арт-шоуды визажист-стилист, халықаралық санаттағы шебер Анастасия Доронина ұйымдастырды. Боди-арт фестивалі Қазақстанда өнердің осы түрін дамытуды көздейтін әлеуметтік жоба саналады.

Боди-арт (англ. body art — «тән өнері») — авангардтық өнердің түрі, мұнда адамның тәні шығармашылықтың басты нысанына айналады, ал оның мазмұны денеге салынған белгілер мен суреттер арқылы ашылады.

XS
SM
MD
LG