Ссылки доступа

Өзбекстанда жүк пойыздары соқтығысты


Сырдария облысындағы Хавас қаласының теміржол бекетінде Наурыз мейрамы қарсаңында жүк пойызы жеңіл автокөлік тиеген пойызбен соқтығысқан.

№3003 жүк пойызының машинисі семафордың тыйым салған белгісіне қарамастан, сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүре берген, нәтижесінде жеңіл көлік таситын вагондар легіне соғылған. Алдын-ала тергеу қорытындысы бойынша, пойыз айдап келе жатқан машинист ұйықтап кеткен.

Орталық Азия жаңалықтар Қызметіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз:

– Машинист ауруханаға түсті. Алған жарақаты ауыр емес. Жағдайы бірқалыпты. Ал вагондар қатты қираған. Қанша сомаға залал келгенін «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамы есептейтін болады –, деп мәлімдеді.

Қазір локомотивтердің техникалық жағдайына сараптама жасалуда. Өзбекстанның көлік прокуратурасы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG