Ссылки доступа

Гаага трибуналы Радован Караджичке қатысты үкім жариялайды


Бүгін бұрынғы Югославия бойынша Гаагадағы халықаралық трибунал босниялық сербтердің бұрынғы көсемі Радован Караджичке қатысты үкім шығарады. Ол геноцид жасады, адамзатқақарсы қылмыс істеді, Женева конвенциясында бекітілген соғыс жүргізу заңдары мен дәстүрін бұзды деп айыпталады.

Караджич 21 жыл бұрын Сараево қаласын қоршауға алған және бірнеше күн ішінде Сребреницада сегіз мыңға жуық баладан бастап шалдарға дейінгі мұсылман ерлерді қырып тастаған босниялық сербтердің ерекше қатігез әскеріне жетекшілік еткен.

Югославия бойынша халықаралық трибунал келесі жылы жұмысын аяқтайды. Осы айда серб ұлтшылы, Сербияның радикалды партиясының жетекшісі Воислав Шешельдің ісі аяғына жетеді. Генерал Ратко Младичтің ісінде қорғаушы тараптың соңғы сөзін тыңдауға көшкен.

Айыптаушылар Младич пен Караджичті Сребреницадағы геноцидті ұйымдастырушы тұлғалар ретінде атайды. Және айыптаушы тарап геноцид, адам өлтіру және әйелдерді зорлау бойынша жүздеген дерек-дәйек келтірген. Прокурор Караджичті өмір бойы түрмеге қамауды сұрап отыр.

XS
SM
MD
LG