Ссылки доступа

Тәжікстанда қытайлармен бірлескен жаңа цемент зауыты ашылды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Б. Гафуров атындағы ауданның Чашмасор ауылдық жамағатында орналасқан «Хуаксин Гаюр-Сугдцемент» кәсіпорнын салтанатты түрде ашты.

Зауыт құрылысын «Гаюрцемент» тәжік компаниясы қытайлық әріптесі - «Хуаксин-цемент» компаниясымен бірлесіп, 2014 жылы бастаған. 48 га алқапты алып жатқан кәсіпорының құны 1 млрд сомонидан асады.

Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 3300 тонна цемент, жылын 1 миллион тоннадан астам өнім береді. Кәсіпорын 1 300-ден астам адамға жұмыс берген, олардың 90%-ы Тәжікстан азаматтары.

Цемент зауытының жұмысын тұрақты ету үшін және жұмысшыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында сағатына 25 МВт қуат беретін жылу электр стансасы, жатақхана және асхана салынған.

XS
SM
MD
LG