Ссылки доступа

Ресейде халқының табысы бірден түсіп кеткен


РФ үкіметінің вице-премьері Ольга Голодец Ресейде тұрғындардың табыс көзі бірден төмен түсіп кеткенін мәлімдейді.

Осы аптада ресейлік кәсіпкерлермен кездескен Голодец қалыптасқан жағдай азаматтардың табысын азайтып, азық-түлік өнімдерін сатып алушылар санын да бірден түсіріп жібереді деді. Бұл көтерме сауда орталықтарының саны азайып, дүкендердің біртіндеп жабылуына әкелуі мүмкін.

Вице-премьердің сөздерінше, күн тәртібінде еңбекақы мәселесі мен жұмыс берушілер мен жұмысқа тұрғандар арасында салмақты әңгіме жүруі мүкін.

21 наурызда Росстат 2015 жылғы ресейліктердің кірісі жөнінде есеп берді. Онда ресейліктердің ең төменгі күнкөріс деңгейінің табысы соңғы тоғыз жылмен салыстырғанда қатты өсіп кеткен. Атап айтқанда 16 миллион 100 мың адамнан 19 миллион 200 мың адамға көбейген. Немесе 13,4 пайызға артқан деп жазады Forbes.

XS
SM
MD
LG