Ссылки доступа

Атамбаев: Қырғызстан соғысайын деп жатқан жоқ, бірақ агрессияға жауап қайтарады


Қырғызстан шекара дауына бола ешкіммен соғысайын деп жатқан жоқ. Бірақ қарсы шабуыл жасауға дайын. Осылай деп бүгін Бішкектің Ахунбаев пен Шабдан батыр көшелерінің қиылысынан бой көтеретін саябақтың іргесін қалауға келген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев журналистердің сұрағына жауап берді.

Ол Ақсы ауданы Чала-Сарт елдімекеніндегі даулы аймақтан бөлек, әлі шешімі табылмаған шекара учаскелері жетерлік деп еске салды. Оның сөзінше, мұның бәрі келіссөз барысында шешілуге тиіс.

Еске сала кетейік, Ақсы ауданы Чала-Сарт ауылында 18 наурыз күні сағат 07.40 шамасында қырғыз-өзбек шекарасына Өзбекстан тарабы аяқ астынан әскер кіргізіп, әскери техникаларды орналастырған.

Қырғызстан да жауап ретінде әскері мен қару-жарағын кіргізді. 21 наурызда келіссөзден кейін екі тараптың әскер саны сегізге дейін қысқартылған.

XS
SM
MD
LG