Ссылки доступа

Өзбекстанда алимент төлемегендер жауапқа тартылады


Өзбекстан билігі елде кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлемей қашып жүргендердің саны өсіп бара жатқанын мәлімдеді. Әрі олардың көбі елден жырақта жүр екен.

Өзбекстанның Бас прокуратурасының 2015 жылғы есебі бойынша, шағымданушылардың 94 пайызы әртүрлі төлемақыға қатысты арызданады екен. Мәселен прокуратураның тікелей араласуымен 486 миллион сум көлемінде алимент төлеткен. Алайда алиментті төлемей, әлі қашып жүргендер саны да жетерлік. Заңгердің пікірінше, алиментті төлетуді талап еткізу, жағдайды одан сайын қиындатады екен. Мәселен алиментті төлемей жүрген әкелердің дені Өзбекстанда жырақта миграциялық жұмыс істеп жүр.

Ақпаратқа сәйкес, "электронды үкіметтің" ішінен жеке және заңды тұлғалар жөнінде толық мәлімет алуға болады.

Аталған ақпарат тұлғалардың жеке басындағы мүлкін ғана емес, алимент төлеген-төлемегенін де анықтауға болады екен.

XS
SM
MD
LG