Ссылки доступа

ИМ Еуропада шабуылдар жасау үшін содырлар дайындап жатыр


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы (ИМ) Еуропада теракті жасау үшін кем дегенде 400 содырды дайындады деп хабарлайды еуропалық және Ирактағы арнайы қызметтегі дереккөздеріне сүйенген Associated Press.

Дереккөзге сәйкес, содырлар ИМ-нің Ирактағы және Сириядағы арнайы лагерінде үлкен жаттығудан өтіп жатыр. Олар Еуропаға кіріп, жеке-жеке террористік актілер жасайды. Бұрын олар кең масштабты көлемде ұйымдастыруға мән берсе, енді шабуылдар сериясына көшкен.

Тергеушілер таяуда ғана Париждегі терактіні ұйымдастырған Салах Әбдесламның ұсталуы Брюссельдегі террористер мүшелерінің тағы да жаңа шабуылдарына әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Терактіге қатыстушы Белгияның азаматтары, террорист жанкештілер Ибрагим мен Халид Бакрауи бұрын заң бұзғандары үшін жауапқа тартылған.

Қазір белгиялық тергеушілер жарылыстың алдында әуежайға кірген террористердің сыбайластарын іздестіріп жатыр. Олар жаңа терактіні дайындап жатыр деген күдік бар.

XS
SM
MD
LG