Ссылки доступа

Қырғызстанда екі оппозициялық саясаткер ұсталды


Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оппозициялық саясаткерлер Бектұр Асанов пен Кубанычбек Қадыровты ұстады. Бұл туралы жергілікті «Республика» газетінің бас редакторы Замира Сыдықова хабарлады.

Оның дерегінше, "Егемен" партиясының жетекшісі Асанов және "Чындык" партиясының төрағасы Қадыровты арнайы қызмет орындарының адамдары олар газет редакцисының кеңсесінде отырған жерінен алып кеткен.

МҰҚК баспасөз қызметі ұсталғандар "елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруды көздеген және сол арқылы билікті күшпен басып алу туралы астыртын сөз байласқан" деп күдіктелетінін хабарлады. Қырғыз оппозицисының бірқатар жетекшісіне осындай айып, жақында интернетте пайда болған аудиожазбадан соң тағылған еді. Бұл жазбадағы адамдар елдегі билікті ауыстыру туралы әңгімелеседі.

XS
SM
MD
LG