Ссылки доступа

Пальмира ауданында ресейлік арнайы жасақ офицері қаза тапты


Бұл туралы Сирияның Хмеймим ауданында шоғырланған ресейлік қарулы күштердің өкілі "Интерфаксқа" хабарлаған.

Дереккөздің мәліметінше, арнайы жасақ офицері бір апта бойы Пальмирадағы "Ислам мемлекеті" тобының маңызды нысандарын анықтаумен және ресейлік әуе күштері соққы беретін нысандардың дәл координаттарын белгілеумен айналысқан.

Ресми дерек бойынша, Сириядағы әскери операция барысында 5 ресейлік әскери қызметші қаза тапқан, ал ақпарат құралдары жеті әскеридің көз жұмғанын хабарлауда. Бейсенбі күні Сирияның үкіметтік күштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне кіретін Пальмира мәдени-тарихи кешеніннің түбінде ұрыс жүргізіп жатқаны туралы ақпар тарады.

XS
SM
MD
LG