Ссылки доступа

Ерлі-зайыпты Обамалар Аргентинада танго биледі (бейне)


АҚШ президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишель Аргентина президенті Маурисио Макридің Буэнос Айресте ұйымдастырған кешінде кәсіпқой бишілермен бірге танго биледі.

ABC News агенттігі мұның кездейсоқ болғанын хабарлады. Аргентиналық биші қыз Обаманы биге шақырғанда ол басында келіспей, ақырында көнуге мәжбүр болған. Сәлден кейін олардың жұбына кәсіпқой бишінің сүйемелдеуімен Мишель Обама қосылды.

Барак Обама Буэнос Айреске Кубадан ұшып келді. Бұл АҚШ президентінің соңғы 20 жылдағы Аргентинаға жасаған алғашқы сапары.

XS
SM
MD
LG