Ссылки доступа

Өзбекстанда шетелден қайтқан 150 мыңға жуық адам есепке алынды


Өзбекстанда «Тозалаш – Антитеррор» іздестіру шарасының барысында басқа елдерге ұзақ уақытқа кеткен 75 мың адам және ұзақ уақыт шетелде болған 70 мың адам есепке алынды

Бұл сандар Өзбекстан ІІМ «На посту» газетінде жарияланған. Басылымның дерегінше, 261 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлға елден шығарылған, психикалық ауытқушылықпен ауыратын 306 адам емдеу орындарына жіерілген.

ІІМ ауылдар мен махаллаларда, кәсіпорындар, ұйымдар мен білім мекемелерінде 14 мыңға жуық профилактикалық кездесу мен дөңгелек үстел өткізіп, азаматтарды қырағы болуға шақырған. Өзбекстанның 70 мыңға жуық азаматы ІІМ қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдерімен әңгімелесуге шақырылған. Кей жандар бұл әңгімелесуді "жауап алу" деп атайды.

Самарқанд қаласында тұратын адвокат Дмитрий Владимиров шетелден оралған азаматтармен болған "профилактикалық әңгімелесу» тергеуге ұқсайды және ол процессуалды талаптарды өрескел бұзумен өтетінін айтты. Ондай азаматтар Өзбекстанға оралған бетте әуежайда тергеліп, кейін олардың үйіне учаскелік милиционер түнде келіп тұрады.

XS
SM
MD
LG