Ссылки доступа

Украин елшісі Савченконы Ресейдің авторитарлы режимінің құрбаны атады


Украинаның Тәжікстандағы елшісі Виктор Никитюк Надежда Савченкоға шығарылған үкімді әділетсіз санайды және Савченконы «Ресейдегі авторитарлы режимнің құрбаны» деп атады.

25 наурызда таратылған ресми мәлімдемеде Украинаның Тәжікстандағы елшісі Ресейді Минск келісімдерін бұзғаны және халықаралық қауымдастықтың үндеулерін әдейі елемей отырғаны үшін айыптады.

Елшінің пікірінше, Савченконың ісі Ресейде әділ соттың жоқтығын және оның ресейлік саясаттың кепіліне айналғанын көрсетті. Елші сонымен бірге Киевтің Савченконы Украина аумағында ұсталған екі ресейлік әскери қызметшіге айырбастауға әзір екендігін айтты.

Ростов облысындағы Донецк қалалық соты 22 наурызда Надежда Савченконы 22 жылға соттады. Сот Савченконы 2014 жылы Луганск түбінде қаза тапқан екі ресейлік журналистің өліміне қатысты деп шешті.

XS
SM
MD
LG