Ссылки доступа

ІІМ қазақстандықтарды қаруларын тапсыруға шақырды


Қазақстанның ІІМ жыл басынан бері жарақаттаушы қаруды сақтағаны, сатып алғаны, бергені, сатқаны, өзімен бірге алып жүргені үшін қылмыстық жаза қолданатын заңның күшіне енгенін ескертті.

Полиция жарақаттаушы қару мен оқтарын өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеп отыр.

ІІМ 2015 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында азаматтардан жалпы сомасы 2,3 млрд теңге болатын (қазіргі бағаммен 6,5 млн доллар) ұңғысыз атыс құралы мен газды қару сатып алғанын хабарлады. Министрліктің есебінше, Қазақстан бойынша азаматтар өз еркімен 46 мыңнан астам жарақаттаушы қару түрлерін тапсырған.

XS
SM
MD
LG