Ссылки доступа

Санкт-Петербургте ИШИМ идеяларын уағыздаған тәжік азаматы ұсталды


Әлеуметтік желіде "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымын уағыздағаны үшін ұсталған Давронджон Давлатовтың үстінен Тәжікстанда да қылмыстық іс қозғалған.

Санкт-Петербург қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы Екатерина Беспалова қамауға алынған Давронджон Давлатовқа Тәжікстан билігі халықаралық іздеу жариялағанын, енді оны отанына қайтару мәселесі қаралып жатқанын хабарлады.

Давлатов 14 наурызда ұсталған. Ертесіне Петербургтің Киров аудандық соты экстрадициялау үшін тұтқынға алу туралы шешім шығарған. Беспалова ресейлік құқық қорғау органдары ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғамағанын жеткізді.

"Давлатовтың Ресей Федерациясының аумағында әлеуметтік желі арқылы Ресейде қызметіне тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымының өкілдерімен байланысқа түскені және желідегі парақшасында экстремистік сарындағы фотосуреттерді таратқаны анықталды", — деді Екатерина Беспалова.

XS
SM
MD
LG