Ссылки доступа

Астанада апаттық жағдайда қонған ұшақтың ұшқыштары марапатталады


Қазақстанның инвестициялар және даму жөніндегі министрі Әсет Исекешев Facebookтегі парақшасына Астана әуежайына ұшағын апаттық жағдайда аман-есен қондырған BekAir әуе компаниясының ұшқыштары марапатқа ұсынылатыны туралы жазды.

Қазақстандық Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып шыққан ұшағы жексенбі күні таңертеңгі 10:36 -да шассиіндегі ақауға байланысты Астана әуежайына апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 116 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ешкім зардап шекпеді.

Бұл жағдайға байланысты бас көлік прокуратурасы "Әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану тәртібін бұзу" деген баппен қылмыстық іс қозғаған, ал инвестиция және даму жөніндегі министрлік оқиғаның себебін анықтау үшін комиссия құрған.

Астана әуежайы 13:00-ге дейін жабық тұрды. Ұшып келу және ұшып кету таблосындағы деректерге сәйкес, Бішкек, Алматы, Ақтау, Қызылорда, Оралға ұшатын Air Astana, Scat, Bek Air әуе компанияларының кемінде 10 рейсі кейінге қалдырылды.

XS
SM
MD
LG