Ссылки доступа

Standard & Poor's Қырғызстанның төлем қабілетін растады


Standard & Poor's (S&P) агенттігі Қырғызстанның рейтингін B/B деңгейінде қалдырды. Бұл-эмитент (ел үкіметі) төлем қабілетіне ие, бірақ жағымсыз экономикалық жағдай елдің мүмкіндігіне кері әсер етуі мүмкін дегенді білдіреді.

Агенттік Қырғызстан экономикасы Ресейден келетін ақша аударымдарына және осы елмен сауда байланысына тәуелді деп санайды.

Агенттік келтірген дерек бойынша, Қырғызстан бюджетінің тапшылығы 2016-2017 жылдары ЖІӨ-нің 4,5% -на дейін өсуі мүмкін деп санайды.

Елдің қаржы министрлігі Қырғызстанның мемлекеттік қарызы бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2016 жылдың басында 3,695 миллиард доллар болғанын жариялады.

Бұған дейін Moody’s агенттігі Қырғызстанға "тұрақты" дегенді білдіретін «B2» деңгейіндегі рейтингті белгілеген болатын.

XS
SM
MD
LG