Ссылки доступа

Мәскеуде Назаровтар әулетінің гала-концерті өтті (бейне)


Мәскеудің "Лужники" спорт кешенінде "Шогун-бахор" гала-концерті өтті. Онда Тәжікстан мен Орталық Азияға танымал орындаушылар — Далер Назаров, Парвиз Назаров, Ситора Назарова және Аброр Назаровтар өнер көрсетті.

27 наурызда өткен концертте тұңғыш рет сахнаға Назаровтар отбасының барлық мүшесі бірге өнер көрсетті.

Алматыда тұратын танымал тәжік орындаушысы Парвиз Назаров өзі үшін бұл ең маңызды мәдени шара болғанын атап өтті. Концерттік кеште Далер Назаровтың үздік әндері шырқалды және бірқатар жаңа әнмен бірге ескі әндерінің жаңаша орындауын жұртшылыққа ұсынды.

Концерт Назаровтар отбасы мүшелері шығарған "Макидома" деп аталатын ең соңғы альбомның әндерімен ашылған. Кеш барысында әулет өнерпаздары бірнеше әнді бірге шырқады.

Назаровтарың әндерінен бөлек, концерт барысында тәжікстандықтардың Ресейдегі "Нұр" өңірлік мәдени ұйымы дайындаған мигранттар өмірі туралы бірнеше қойылым көрсетілді. Гала-концертті де Ресейдегі осы ұйым ұйымдастырып, көрсетілуін қамтамасыз еткен.

XS
SM
MD
LG