Ссылки доступа

Роттердамда террорлық шабуылды дайындады деген күдікті ұсталды


Нидерланды прокуратурасы Роттердамда ұсталған француз азаматы Францияда террорлық шабуыл ұйымдастыруға қатысты деп күдіктенеді.

Прокуратураның мәліметінше, 32 жастағы азамат Париждің сұрауымен тұтқындалған және жақын арада француз тарабына беріледі. Онымен бірге тағы үш күдікті ұсталған, олардың екеуі алжирлік.

ЕО елдерінің басшылары 130 адамның өмірін қиған Париждегі шабуылдан және 22 наурызда 31 адамды мерт қылған Брюссельдегі жарылыстардан кейін терроршыларға қарсы шараларды күшейтті.

Жексенбі күні немістің Die Welt басылымы еуропалық қауіпсіздік құрылымдары Париж бен Брюссельдегі шабуылдарға қатысқан терроршылардың кемінде сегіз сыбайласын іздестіріп жатқанын жазды. Бұл шабуылдарды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымымен байланысты ұйымдардың мүшелері жасаған.

XS
SM
MD
LG