Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасындағы текетірес басылды


Қырғызстанның шекара қызметі шекара маңында тұратын қырғыздың Ақ-Сай және тәжіктің Чорку ауылдары тұрғындарының арасындағы жанжал басылғанын хабарлады. .

Екі ауылдың басшылары бұған дейін Каравшин өзенінен қиыршық тасты бірігіп пайдаланатын боп келіскен. Алайда 27 наурызда тәжік ауылының тұрғындары қырғызстандықтарға өзеннен қиыршық тас алуға тыйым салған. Бұған наразы болған қос тараптан 30-35 адамнан топ жиналған. Оқиға орнына жеткен шекара заставаларының басшылары жанжал ушығып кетпеуі үшін түсіндіру жұмыстарын өткізген.

Каравшин өзеніндегі қиыршық құмды бірге пайдалану мәселесі бүгін Ақ-Сай мен Чорку ауылдық басқармаларының басшылығының кездесуінде шешіледі.

Қырғызстанның шекара қызметі әзірге қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайдың бірақлыпты екенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG