Ссылки доступа

АҚШ-та Капитолий аумағында атыс болып, күдікті жараланған.


Белгісіз біреу парламент кешеніне жанасатын туристерге арналған орталықта оқ атқан.

Вашингтонда қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері АҚШ Конгрессі орналасқан Капитолийдің жанындағы туристер орталығындағы атыстан соң, кешенге кіреберістің бәрін жауып тастаған.

Associated Press туристер орталығында оқ атқан ер адамның ұсталғанын хабарлады. Оқиға болған ғимарат америкалық парламентке экскурсия жасағысы келгендерді тексеруге арналған.

Парламентте отырыс болмағандықтан, ғимаратта конгрессмендердің шағын тобы ғана болуы мүмкін.

Капитолийге жақын орналасқан Ақ үйді де полиция қоршауға алды. АҚШ президентінің резиденциясында Пасха мерекесіне орай жүздеген бала мен ата-ана президент қабылдауында болған.

XS
SM
MD
LG