Ссылки доступа

Абақтыдағы Савченко күн сайын салмақ жоғалтуда


Ресей соты 22 жылға соттаған Надежда Савченконың жағдайы қазір қалыпқа келген, алайда ол күніне 400-500 грамм салмақ жоғалтуда.

Бұл туралы оның адвокаты Николай Полозов әлеуметтік желіде хабарлады. Ол Савченкоға шығарылған үкімнің 5 сәуірде күшіне енетінін, ал 6 сәуір күні Надежда құрғаөқ аштықты бастауды көздеп отырғанын айтты. Полозовтың айтуынша, Савченко апелляциялық шағым жасамайды және адвокаттарына да ондай шағым беруге тыйым салған, аштық жариялаудан да бас тартпайды.

​22 наурызда Ростов облысы Донецк қалалық соты украин әскери қызметшісі Савченконы Украинаның шығысында көз жұмған екі ресейлік журналистің өліміне қатысы бар деген айыппен ұзақ жылға соттаған болатын. Савченко кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты.

Украин президенті Петр Порошенко әскери қызметшінің ісін "масқара сотсымақ" деп атап, Савченконы Донбасста қолға түскен Александр Александров және Евгений Ерофеев дейтін екі ресейлік әскери қызметшіге айырбастауды ұсынған болатын.

XS
SM
MD
LG