Ссылки доступа

Олег Панфиловтың «Антикеңестік оқиғалары» украин тілінде шықты


Украинада профессор Олег Панфиловтың Ресей мен Кеңес империяларының тарихындағы көпшілікке белгісіз оқиғалар мен деректер туралы «Антикеңестік оқиғалар» атты жаңа кітабы жарық көрді.

Жаңа шығармада 150 жылдық орыс-чукот соғысы, Ресей империясы императорларының шыққан тегі секілді белгісіз тарихи оқиғалармен бірге, екі бірдей орыс-шешен, орыс-грузин соғыстары және Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс пен Қырымды басып алу секілді жаңа заман оқиғалары қамтылған.

Кітап автордың соңғы 3-4 жыл ішінде Радио "Свободада" жарияланған мақалаларының жинағы боп табылады. Кітаптың болгар және чех тіліне аударылып жатқаны белгілі болды, болашақта ағылшын тіліндегі нұсқасын шығару жоспарланған. Еуропарламенттің Чехия атынан сайланған депутаты Яромир Штетинаның бастамасымен барлық аударманың ортақ тұсаукесерін сәуірде Брюссельде өткізу көзделген. Тұсаукесер аясында Еуропарламенттің "Тарих цензурасы" атты конференцциясы ұйымдастырылады.

Илия Мемлекеттік университетінің профессоры (Грузия), публицист Олег Панфилов 1957 жылы Тәжікстанда туған. 1979 жылы Худжанд университетін тәмамдап, Тәжікстан ғылымдар Академиясының тарих институтында жұмыс істеді. 1974 жылдан бері журналистикамен айналысады.

Олег Панфилов «Образ веры» Халықаралық кинофестивалінің Гран-при иегері (1993), Information Safety and Freedom ұйымының «Баспасөз еркіндігі үшін» сыйлығымен марапатталған (2009), грузиннің Абырой Орденінің кавалері (2013). Әртүрлі елде шыққан 35 кітаптың авторы және құрастырушысы, 8 фильмнің сценарийін жазған, түрлі елде жарық көрген 4 000 мақаланың авторы.

XS
SM
MD
LG