Ссылки доступа

Кепілге алынған Egyptair жолаушы ұшағы Кипрге қонды


Александриядан Каирге ұшатын ұшақты кімдердің кепілге алғаны және қандай талап қойғаны туралы әзірге мәлімет жоқ.

Белгісіз біреулер басып алған Egyptair әуе компаниясына тиесілі A320 ұшағы Кипрдегі Ларнаки әуежайына қонды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Әуе кемесінің бортында жарылғыш зат болуы мүмкін. Кипрдің ақпарат құралдары ұшақта 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесінің бары туралы хабарлады.

Кей дерек бойынша, бортты қарулы бір адам басып алған. Гректің Protothema басылымы ұшақты басып алғандар Мысырлық азаматтығы бар әйелдер мен балаларды босатуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Оқыс оқиғаға байланысты Кипрде екі бірдей дағдарыс штабы құрылды.

XS
SM
MD
LG