Ссылки доступа

ӘЧ-2018 іріктеу ойындары: Қырғызстан-Тәжікстан


Бүгін Қырғызстанның фтболдан ұлттық құрамасы 2018 жылы өтетін футболдан әлем Чемпионатына іріктеу ойындары аясында Тәжікстан құрамасымен кездеседі.

Кездесу Душанбе қаласының орталық стадионында Бішкек уақытымен сағат 19.00-де басталады.

Ойын алдындағы баспасөз жиынында Қырғызстан құрамасының бас бапкері Александр Крестинин Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы ойынды дерби деп атап, соған сәйкес қызық ойын күтетінін және стадионға жанкүйерлердің лық толатынына сенім білдірді.

Крестинин командасынан тек жеңісті күтетінін, сондықтан шәкірттерінің алаңға тек жеңу үшін шығатынын айтты.

Қырғызстан іріктеу кезеңінде Австралия, Иордания, Тәжікстан және Бангладеш құрамаларымен В тобына түскен. Бүгінгі ойын қырғыз құрамасының 2018 жылғы әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойыны. Қырғызстан өз тобында Австралия мен Иорданиядан кейінгі үшінші орында тұрғандықтан, турнирдің келесі кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылған.

XS
SM
MD
LG