Ссылки доступа

EgyptAir ұшағын басып алған адам полицияға берілді


Кипрдің Ларнаки әуежайында EgyptAir әуе компаниясының кепілдегі ұшағының жолаушылары аман-есен босатылды.

70 жолаушының бәрі дін-аман. Әуе лайнерін басып алған адам полицияға өз еркімен берілген.

Сейсенбі күні Александриядан Каирге бағыт алған ұшақтың бір жолаушысы экипаждан Кипрге ұшуды талап етеді. Өйтпеген жағдайда беліне байланған жарылғыш затты жарып жіберетінін айтып қорқытады. Кейінірек жарылғыш белбеудің өтірік боп шыққаны белгілі болды.

Әзірге ұсталған ер адамның не үшін жолаушы ұшағын басып алғаны түсініксіз. Кипр президенті Никос Анастасиадис оқиғаның терроризмге қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Бірқатар БАҚ ұсталған адамның Сейф Элдин Мустафа есімді Мысыр азаматы екені жайды ақпарат таратты. Ол Кипрге сонда тұратын әйелімен кездесу үшін жеткісі келген-мыс. Тағы бір дерек бойынша, бұл еркек осындай әрекетімен Египеттегі саяси тұтқын әйелдерді босатуды көздеген.

XS
SM
MD
LG