Ссылки доступа

Қырғыз оппозициясының митингі 20 сәуірге қалды


Бүгін Бішкекте өтеді деп жоспарланған оппозиция митингі кейінге қалды. Бұл туралы «Қырғызстанның патриоттық күштері” үйлестіру кеңесінің мүшесі Мәмбетжүніс Абылов хабарлады.

Митингтің кейінге қалдырылуына Жоғорку Кеңештің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиеттің Ункур-Тоо тауына байланысты жағдайды қарастыра бастағаны себеп болған. «Біз парламент комитетінің нұсқауларының орындалуын күтеміз. Егер 20 сәуірге дейін мәселе шешілмесе, митинг өткіземіз», – деді Абылов.

Естеріңізге сала кетейік, 29 наурызда құзырлы комитет Ункур-Тооға қатысты мәселені жабық есік жағдайында талқылаған. Жиын қорытындысында үкіметке Ункур-Тоо тауындағы «Кербен» РРЖ 24 жүйесініңжұмысын жақсарту тапсырылған.

Сонымен бірге комитет Бас прокуратураға үкіметтің Кербен қалалық кеңешінің депутаттарына жолдады делінетін хаттамасын тексеруді тапсырды. Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды және әлеуметтік желілерде тараған хаттаманы қолдан жасалған деп отыр. Парламенттік комитет сәуірдің 20-на дейін мәселенің мән-жайын анықтауды талап етті.

XS
SM
MD
LG