Кремльдің Ресейден басқа осындай өңірлерді астыртын басқаратыны туралы немістің Bild басылымында жарияланған. Басылымның сайтында журналистердің Украинадағы сепаратистік өңірлерді басқарудың жолдарына байланысты зерттеулерінің нәтижесі жарияланған. Атап айтқанда, Мемлекеттік думадағы Донецк және Луганск облыстарының оңтүстік-шығыс аудандарындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету туралы ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сілтеме жасалады. Құжатта ДХР мен ЛХР-ды басқаруды бес ресейлік министрлікте құрылған алты жұмыс тобының өзара бөліп алғаны көрінеді.
Көлеңкелі үкімет құрамына кіретіндердің арасында вице-премьер Дмитрий Козак және экономикалық даму мен қаржы министрлерінің орынбасарлары – Сергей Назаров пен Леонид Горнин бар. Басылым көлеңкелі үкіметтің жұмысын Федералды қауіпсіздік қызметі бақылайтынын жазады.