Ссылки доступа

Гаджеттерге салынған тыйымның ақпарат құралдарына қатысы жоқ


Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Астанадағы брифингте мемлекеттік мекемелерде смартфон пайдалануға салынған тыйымның журналистерге қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Вице-премьер тыйым қарапайым қызметкерден бастап, жоғарғы басшылықтағы шенеуніктердің бәріне бірдей екенін айтты.

— Бұл бұйрық тек мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметкерлерге ғана қатысты.Сондықтан әкімдіктердің журналистерге гаджетпен кіруге тыйым салғаны өкілеттіліктерін асыра пайдалану боп саналады және ол заңға қайшы, — деді Назарбаева.

Мемлекеттік мекемелерде интернет-модулі, фото және бейнекамерасы бар мобильді құрылғыларды пайдалануға тыйым салынғаны туралы осы айдың ортасында белгілі болды. Гаджеттерге тыйым салу себебі «ақпараттың сыртқа тарап кетуімен» түсіндірілді. Мемлекеттік мекемелердің қабырғасында тек қоңырау мен SMS-хабарлама жолдау функциясы бар телефондарды қолдануға рұқсат етілгені айтылған еді.

XS
SM
MD
LG