Ссылки доступа

Ресейде 118 мың қырғызстандық «қара тізімде» тұр


Ресейдің федералды көш-қон қызметінің «қара тізімінде» жыл басынан бері 118 мың қырғыз азаматы тұр, оларға РФ аумағына кіру шектелген немесе келуге тыйым салынған.

Мемлекеттік көші-қон қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың басындағы мәліметке сәйкес, Ресей аумағына уақытша кіруге тыйым салынған 1 487өздерін осы тізімнен алып тастау туралы арыз берген. Өтініштерді РФ ФКҚҚ қарастырып жатыр.

Ресей және Қырғызстан президенттерінің 2015 жылғы келісімдері мен қос мемлекеттің құзырлы органдары қол қойған құжаттарға сай, «қара тізімге» енген қырғызстандықтарға 1 қарашаға дейін амнистия жарияланған.Кейінірек Ресей амнистияны мерзімсіз уақытқа созды.

Бейресми дерек бойынша, Ресейде миллионға жуық қырғызстандық еңбек етеді, олардың жартысы елде заңсыз жүр.

XS
SM
MD
LG