Ссылки доступа

Бурылда баланы өлтіргеннің ісі сотқа түсті


Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы бала өліміне қатысты атышулы қылмыс бойынша іс сотқа өтті.

«Новости Казахстан» агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық істі судья Азамат Тілепов қарайтын болады. 18 жастағы Дурсун Каваз-оглы “Кісі өлтіру” бабы бойынша айыпталуда. Сот отырысының қашан басталатыны белгісіз. Айыпталушы қазір қамауда. отыр.

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жеке үйде зорлықпен өлтірілген баланың мәйіті табылды. Екі күн бойы ауылда тұрғындар арасында толқу болып, полиция мен арнайы жасақ күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Күдікті қылмыс болған күннің ертесіне ұсталды. Полиция күдіктінің үйді тонау кезінде баланы өлтіріп қойғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG