Ссылки доступа

Штайнмайер Ташкентті адам құқықтарын сақтауға шақырды


Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Өзбекстанға сапарында бұл елдің үкіметіне «адам құқықтарын жақсарту жолына түсуге» кеңес берді.

ЕҚЫҰ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның төрағасы да боп табылатын Штайнмайер Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен және Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесті.

Тараптар екі жақты қарым-қатынасты, аймақтық және әлемдегі маңызды мәселелерді, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның өңірдегі әлеуметтік және саяси үдерістерге қатысуын талқылаған. Штайнмайер Берлиннің Өзбекстандағы ішкі саяси жағдай туралы «ашық әңгімелесуді» қалайтынын жеткізген.

Сапарының алдында Штайнмайер Орталық Азияны «стратегиялық маңызы бар өңір»ретінде атаған еді. Германияның сыртқы істер министрі одан әрі Қырғызстан мен Тәжікстанға барады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG