Ссылки доступа

Тәжікстанда Сирия мен Иракқа кетпек болған 34 адам қайтарылды


Тәжікстанның Бас прокуратурасы бұдан бөлек, осы елдерге кеткен 147 азаматтың отанына кері қайтарылғанын хабарлады.

Тәжікстан билігі «Ислам мемлекеті» ұйымының қатарында соғысуға кеткен, бірақ өкініп, өз еркімен елге қайтқан азаматтарына кешірім беретінін жариялады.

Ресми дерек бойынша, Сирия мен Иракта экстремистік топтарға қосылған мыңнан аса Тәжікстан азаматы бар. Сирия мен Ирактағы соғыста 150 тәжік азаматының қаза тапқаны да белгілі. Тағы ондаған тәжік азаматы Ауғанстан мен Пәкістандағы «Ансоррулох» және «Өзбекстанның ислам қозғалысы» дейтін қозғалыстарға мүше болған.

Елдің Бас прокуроры Юсуф Рахмон экстремистік топтарға қосылған тәжік азаматтарының 85%-ы Ресейге еңбек миграциясына барғанда сондағы үгіттеушілердің торына түсіп қалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG