Ссылки доступа

Мәскеу көшелерінде "миграциялық сақшы" пайда болады


Ресейдің федералды көші-қон қызметі ел астанасындағы заңсыз мигранттарды анықтау үшін метро бекеттеріне жақын көшелерді торуылдайтын болады.

Көше бойын шетел азаматын ФМҚ арнайы мәліметтер базасы арқылы тексеруге, оның ішінде Ресей аумағында жүруінің заңдылығын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қондырғы орнатылған көліктер кезіп жүрмек.

ФМҚ баспасөз қызметі миграциялық сақшылардан бірінші кезекте РФ заңдарының талаптарын түсіндіру секілді заң бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізу талап етілетінін хабарлады.

Құзырлы орган өкілдері осының арқасында шетелдіктердің миграциялық қызмет өкілдерімен көзбе-көз сөйлесуге, Мәскеу мен Подмосковьедегі миграция орталықтарында патент рәсімдеу, Ресейдегі миграциялық есеп мерзімін ұзарту секілді өздерін қызықтырған сұрақтарға дұрыс жауап алуына мүмкіндік туатынын айтады.

XS
SM
MD
LG