Ссылки доступа

"Тәжіктің Ким Кардашьяны" итальяндық Donna журналына шықты


26 наурызда жарық көрген итальяндық Donna журналының соңғы нөмірінде тәжік дизайнері Макнуна Ниёзова туралы мақала басылды.

Әйелдерге арналған итальяндық Donna журналы тәжік қызының суретін тұңғыш рет жариялап отыр.

Жас тәжік дизайнері, Тәжікстанның технологиялық университетінің көркемдік жобалау кафедрасының меңгерушісі Макнуна Ниёзова туралы мақаланың авторы, Валентина Равизза Макнунаны «тәжіктің Ким Кардашьяны» деп атап, оның Оңтүстік Кореяда өтетін Азия сән шарасына қатысатынын жазады. Былтыр Макнуна Face of Central Asia (Орталық Азияның бет әлпеті) атты сайыста жеңген соң, осы байқауға шақыру алған.

Макнуна Ниёзова Қазақстанда өткен «Орталық Азияның бет әлпеті» атты сайысқа Тәжікстаннан қатысқан жалғыз дизайнер. Мақала авторы «жас дизайнердің өз шығармашылығы арқылы халқының қайталанбас мәдениеті мен өнерін танытып жүргенін» жазады.

XS
SM
MD
LG