Ссылки доступа

Қырғыз президентінің қызы тегін ауыстырмақ (бейне)


Қырғызстан президентінің кенже қызы, суретші Әлия Шағиева өз-өзін жарнамалап жүр деген айыптауларға байланысты тегін ауыстыратынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасына жазған.

«Мен өмір бойы анамның тегімен жүрдім, тіпті қазір төлқұжатымды ауыстырған кезде де, туыстық байланыстарыма бола, маған назар аударғандардың қызығушылығын көргім келмейді. Соның кесірінен қандай психлогиялық күйзелістерге ұшырағанымды достарымнан білулеріңізге болады.», - деп жазады Әлия Шағиева.

Оның сөзінше, бірде-бір ақпарат агенттіктеріне өзінен сұхбат алуды сұраған емес, әрқашан олардың өздері өтініш жасаған. Ал сұхбат кезінде ол нағыз тегіне қатысты тіс жарып ештеңе айтпағанын жазады.

Бұған дейін Әлия Шағиева Бішкекте суреттерінің көрмесін ұйымдастырып, одан түскен 200 мыңнан астам сом қаржыны қайырымдылыққа аударған. Ақша Даун синдромына шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалатыны туралы хабарланған болатын.

Дочь президента Атамбаева о своем творчестве
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

XS
SM
MD
LG