Ссылки доступа

Қазақстан боксшылары Олимпиада жолдамаларын жеңіп алды


Қытайдың Цзяньан қаласында өткен Азия мен Океанияның Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын бәсекесінде екі бірдей қазақ боксшысы жеңімпаз атанды.

64 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов ақтық сында қытай боксшысы Цянксун Худы 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Бұл сайыстың ережесі бойынша, әрбір салмақ дәрежесіндегі ақтық сынға шыққан алғашқы үштік Олимпиада жолдамасына ие болады.

Екінші жолдаманы 2013 жылғы әлем чемпионы, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасатын Жәнібек Әлімханұлы қанжығасына байлады. Жартылай финалда Моңғолиядан келген қарсыласы Шинебаяр Нармандахдымен кездескен ол екінші раундта техникалық жеңіске жетті.

56 келіге дейінгі салмақта үнділік боксшы Шива Тапаға есе жіберген Қайрат Ерғалиев енді Олимпиадаға баруы үшін филиппин Марио Фернандесті жеңуі тиіс.

XS
SM
MD
LG